Жетібайдағы жұмысшылар ереуілінің жалғасып жатқанына бір айға жуықтады


08/01/2024
17:05 10228 0

Фото: Ақ Жайық

 

Маңғыстау облысы Жетібай кентінде 11 желтоқсанда басталған ереуіл әлі жалғасып жатыр. Бұл жөнінде Азаттық радиосы хабарлады. 

 

8 қаңтарда West Oil жұмысшылары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тағы үндеу жолдап, мәселелерін шешіп беруді талап етті. 

 

– Талабымыз орындалғанша ереуілді тоқтатпаймы дейді олар үндеуде.  

 

Жұмысшылар West Oil компаниясын «ҚазМұнайГаздың» мердігері Oil Transport corporation (ОТК) балансына қосу, бірыңғай төлем жүйесін енгізу және материалдық-техникалық базаны жаңартуды талап етуде.

 

Бұған дейін ҚМГ олардың алғашқы екі талабын орындай алмайтынын айтқан. Жергілікті сот ереуілді заңсыз деп таныған.

 

Поделиться

Нет комментариев.

08/01/2024 17:05
10228 0

Уведомление